Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Димаш өзіне Джеки Чанның қалай ықпал еткені туралы айтып берді

212

Әнші сондай-ақ, Джеки Чан үшін домбырада ойнаған сәтінен видео жариялады. Димаш  атақты әртіспен алғаш кездескен сәті туралы жазды. Джеки Чан «I am singer» жобасындағы оның өнерін тамашалағаннан кейін, Димашпен кездескісі келген екен.

«Есімде, үш жылдан астам уақыт бiрге жұмыс істеп келе жатқан Қытайдағы «BG Talent» продюсерлік агенттігінің агенті бірде: Джеки Чан сені «I am singer» жобасында өнер көрсеткеніңді көріп сені кездесуге шақырды» – деді.

Кішкентай кезімнен осы керемет адамның фильмдерін жақсы көріп өстім, сондықтан қатты толқып кеттім, осыдан кейін де біз әр түрлі телебағдарламалар мен концерттерде кездесiп келемiз, бірақ мен әлі күнге дейін адамгершілігі мен қарапайымдылығына таң қаламын.

Менің ойымша, Майкл Джексон, Джеки Чан, Бочелли, Паваротти т.б жұлдыздар шын мәнінде әртіс өзін қалай ұстау керек екенін көрсеткен жұлдыздар. Джеки аға, сізді тағыда туған күніңізбен құттықтаймын!», — деп жазды  Димаш өз парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз