Танымал тележурналист Дана Нұржігіт қазақ музыкасының қандай деңгейге дейін көтеріле алатынын көрсеткен Димашқа алғыс айтты. Ол санасы бар әртістердің Димаштан үлгі алатынына сенімді екенін мәлімдеді.
Бұл ойымен Дана Нұржігіт “Қазақстан” Ұлттық арнасының “Парасат майданы” бағдарламасында бөлісті.
– Әр сахнаға, жалпы мінбеге шыққан адам, мен шықтым екен, бір көрініп жұлдыз болдым екен деп емес… Ол – үлкен жауапкершілік. Сен соныңмен елге үлгісің. Тіпті, Ninety one тобын алайықшы. Иә, бұларға еліктеп, шашын бояп, шалбар емес, трико киіп шығатын жігіттер болады. Бірақ оның өзі жасына сай. Егер олар 50-де дәл осындай имиджбен шығатын болса, мен түсінбес едім. Черчилль айтады ғой: «Адам 15 жасында әлемді өзгертемін деп келсе, оны түсінуге болады. Ал 60 жасында әлемді өзгертемін дейтін болса, ол ақымақ, – дейді.
Дереккөзі: stan.kz