Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Димаш Қытай телебайқауының IV-кезеңінде қытайша ән шырқайды (видео)

155

Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, IV-кезеңінің түсірілім жұмыстары 2 ақпан күні аяқталған. Бастапқы үш кезеңде жалпы есепте бірінші орыннан көрінген жерлесіміз төртінші кезеңде де үздіктер қатарынан көріну үшін қытайша ән шырқап көруді ұйғарған.

Димаш гонконгтық Джеки Чун Хок-Яудың (张学友) репертуарынан «Қоңыр күз» (秋浓意) әнін орындайды.

Джеки – Қытай эстрадасының жарық жұлдызы. 90-жылдары жеке альбомының сатылымы бойынша Майкл Джексоннан кейінгі ІІ-орынды иеленген. 2000 жылы жеке альбомының сатылымы 60 мың данадан асып, әлемнің көптеген елінде жеке концерттер берген.

«Қоңыр күз» (秋浓意) әні 1993 жылы алғаш рет орындалды. Кейін жапон, корей тілдеріне аударылған.

Айта кетелік, алдында кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдағы «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген байқаудың IV-кезеңінде Уитни Хьюстонның әнін орындайды деп хабар таратқан еді. Бұл мәлімет жалған болып шықты.

 

https://www.youtube.com/watch?v=J29L4biZY3I

https://www.youtube.com/watch?v=vu7H-x-cFcE

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз