Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Димаш Құдайбергеннің әкесі қызметін емес, ұлын таңдады

Телеарна мәліметінше, Қанат Айтбаев енді барлық уақытын ұлының шығармашылығына арнамақшы. Қанат Айтбаевтың соңғы жылдары Ақтөбе облысы Мәдениет басқармасының басшысы болған еді.

Осыдан бір ай бұрын Қытайдағы I am a singer байқауының ұйымдастырушылары шенеунікті қонақ ретінде шақырған екен. Сол уақыттан бері Қанат Айтбаев ұлымен бірге Қытайда жүр. Жақында ол Қытайдан келген соң жұмыстан кететіні жайлы өтініш жазған. Алайда әзірше облыс әкімі өтінішке қол қойды ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Ал Қанат Айтбаевтың өзі салқын тиіп ауырып қалуына байланысты осы мәселе бойынша пікір білдіруден бас тартты.

Еске сала кетейік, өткен сенбіде, 18-ақпанда Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының V кезеңінде өнер көрсеткен болатын. Қазақстан әншіcі Димаш Құдайберген ол кезде Бруно Марс пен Марк Ронсонның “Uptown Funk” атты әнін орындады.

Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы 14 кезеңнен тұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз