Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Димаш Құдайберген Мәскеуде концерт бергісі келетінін айтты (видео)

https://kaz.365info.kz/dimash-khydajbergen-resejlik-kompozitormen-tysken-videosyn-zhariyalady-video-331267

“Біріншіден, мақтап айтқан сөздеріңіз үшін рахмет. Екіншіден, меніңше, бұл тамаша ұстаздарымның арқасы. Барлық ұстазым мен педагогыма алғыс айтқым келеді. Әсіресе, Марат Олжабайұлына. Ол кісінің дәл қазір бізді қарап отырғанына сенімдімін”, — деді ол.

Әрі қарай журналист әншіден Ресейде қашан және қай қалада концерт өткізетінін сұрады. Сондай-ақ, болашаққа жоспарланған бұл концертінің билеттері аз уақыт ішінде сатылып кететініне уәде берді.

“Ниеттеріңіз үшін көп рахмет! Бұл сұраққа қалай жауап берерімді білмей тұрмын. Болашақта Мәскеуде концерт берсем деген арманым бар. Концертіме келетін болсаңыздар, қатты қуанып қалатын едім. Нақты уақытын енді жоспарлаймын. Ал қала мәселесіне келсек, Мәскеуді таңдайтын едім”, — деді жұлдыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз