Чанша әуежайында Димаштың жанкүйерлері бернеше сағат күтіп қалды.
Ұялы телефондарын қолдарына ұстап алған жанкүйерлер Димаштың әр қылығын түсіріп алуға тырысып жатты.
Әуежайдағы тексерістен өткеннен соң, қытайлық фанаттар бірден Димашқа қарай жүгіре жөнелген. Сүйікті әншісіне құр қол бармаған жанкүйерлер оған түрлі ойыншықтар мен гүлдер, сонымен қатар оның суреттерінен жасалған кітапты да сыйға тартты.
Сыйлықтарына рақмет айтып, Димаш жанкүйерлерін жақсы көретінін жеткізді.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген қалалар аралап, турнесін жалғастырып жүр. Әнші жақында Чанша қаласында өнер көрсетпек.