Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Димаш Құдайберген дөнер мен түнгі Ақтөбені сағынғанын жеткізді

255

Souzveche.ru басылымына берген сұхбатында Димаш шығармашылық жоспарларымен бөлісіп қана қоймай, қарапайым дүниелерді де аңсайтынын айтты.

Белгілі болғандай, 4 жыл бойы ол қарқынды жұмыс істеп келеді екен және барлық адам сияқты демалыс алмапты. Бірақ бұл оның өмірге шағымы емес екенін, алайда екі аптадай үзіліс алуды армандайтынын жеткізді.

«Соңғы төрт жылда бірде бір рет демалмадым. Екі аптай бойы ештеңе істемей жатқан кезім болған емес. Осы турнеден кейін демалыс алуды жоспарлап жүрмін. Жолдастарыммен бір жерге баратын шығармыз, бәлкім Ақтөбеге. Дөнер сатып аламыз, студияның жанында оны керемет дайындайтын жер бар. Түнгі Ақтөбеде қыдырып, әңгімелесеміз. Бұл шағымым деп түсінбеңіздер. Шығармашылықсыз өмірімді елестете алмаймын. Қатты шаршасам да, бір-екі күннен кейін қайта жұмысқа кіріскім келіп тұрады», — деді Димаш.

Қазіргі таңда ол Arnau гастрольдік турын жалғастырып жатыр. 23 ақпанда әнші Екатеринбургте өнер көрсетеді.

Бұл оны тур барысындағы Ресейдегі үшінші концерті. Әртісті зор қошеметпен қарсы алды. Қалаға 20 шақты елден фанаттары келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз