Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген АҚШ-тың The Voice, яғни „Америка дауысы„ байқауына қатысудан бас тартқан.
Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов мәлімдеді.
“БАҚ ескі ақпаратты таратып жатыр. Димаш қазір ІІ-ші емес, ІІІ-курста оқиды. American Voice шоуынан шақырту келгенін растаймыз, бірақ Димаш оған қатыспады, себебі оның деңгейі I Am a Singer байқауынан төмен болды, сондықтан таңдау Қытайдағы байқауға түскен. Ал Евровидениеге келсек, оған неге қатыспасқа? Бірақ Қазақстан Евровидение байқауына қатысуы үшін Еуропалық одақ телеарналары құрамына кіруі керек. Ал сондай мүмкіндік туып жатса, Қазақстанды неге танытпасқа”, – дейді әншінің өкілі.
Айта кетелік, мұның алдында “Хабар” телеарнасы Еуропалық таратылым одағына кірген болатын, бірақ оның толыққанды құқылы мүшесі емес. Ал толыққұқылы мүшелеріне “Евровидение” халықаралық байқауына қатысу және оны тікелей эфирде көрсету құқығы беріледі. Телеарна өкілдері таяу арада Қазақстанның Евровидениеге қатысуы мәселесін қарастыратынын мәлімдеген.
Айта кетейік, әнші қазіргі уақытта I Am a Singer шоуына қатысып жатыр. Димаш Құдайберген IV-кезеңде қытай тілінде ән орындап, үздік үштіктен көрінді. Оны сенбі күні кешкі уақытта Хуанан телеарнасынан тамашалай аласыздар.