“Халықаралық сыйлықтың иегері, сенсация-әнші Димаш көрермендерді кереметтей орындау шеберлігімен, вокалдық қабілетімен, диапазонымен таңдай қақтырды”, – деп атап өтті байқау ұйымдастырушылары.
Айта кетейік, Димаш аталған байқауға қазақстандық Екатерина Дворецкаяны қолдау үшін барған еді. Өкінішке қарай, қазақстандық ару үздік 30 сұлудың қатарына кіре алмады. Ал “Әлем аруы-2018” титулы мексикалық сұлуға бұйырды.