Витебскте өткен халықаралық “Славянский базар” байқауы өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан қатысқан 7 жасар Әбілқайыр Жұмабай үздік үштіктен көрініп, жүлделі орынға ие болды.
Бұл туралы танымал отандық продюсер Жан Мұқанов желідегі парақшасында жазды.
Мұқанов Әбілқайырдың 16 елден келген қатысушылардың ішінде жас жағынан ең кішкентайы екенін айтады.
“Қола! Анығында Қазақстан “Славянский базар-2018″ балалар фестивалінде үшінші орын иеленді. Қаскелеңнің 7 жасар тұрғыны Әбілқайыр Жұмабай үздік үштікке кірді. Құттықтаймын.
Айтпақшы, басқа қатысушылар 11-14 жаста, ал біздің бала ең кішкентайы. Осындай жасында 16 ел қатысқан байқауда үздік үштіктен көріну – үлкен жетістік”, – деп қуанышты хабарды жеткізді ол.
Айта кетейік, “Славянский базар-2018” балалар фестивалінде Димаш Құдайберген, ал ересектер арасындағы байқауда Роза Рымбаева қазылық етті.