Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Димаш бір жеңін сыпырып тастап, поп орындады (видео)

Ал түсірілімі 16-ақпанда болған VІ-кезеңнің де нәтижелері жарияланған болатын. Бұл кезеңде Димаш “Adagio” әнін орындап, І-орын алған еді.

Өткен аптада 4-кезеңде қытай тіліндегі “Күзгі мұң” әнін орындаған Димаш ІІІ-орынға ие болды.

Димаш Құдайбергенов қазір Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр.

Димаш 4 ақпан күні шоудың үшінші кезеңіне қатысып, ІІІ-орын алды. 28 қаңтар күні Димаш “Опера №2” әнін айтып, екінші кезең бойынша І-орын алған еді.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі “SOS d’un terrien en détresse” әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытай музыка мамандары оны “Тәңір назарына алған әнші” деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар “Димаш” және “Қазақстан” Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

https://www.youtube.com/watch?v=YAXQqzP26IQ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз