Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Димаш биік ноталардың тұтқыны болып қалуы мүмкін» – маман пікірі

111

Сонымен, Димаш тыңдарман жүрегін несімен жаулап алды? Мұның бірнеше себебі бар: ең бірінші — ұтымдылық, ол ән салғанда, биік дыбыстарды ала алады. Екінші — ол келбеті келіскен жас жігіт. Үшінші – оны ата-анасының қолдайтыны. Тіпті, әкесі шоу-бизнес саласындаға іскерліктен хабардар. Қытайдағы әншілер додасына Димаштың қатысуы — әкесінің ұсынуымен іске асты.

Димаш осы конкурста Витастың әнін орындаумен жұрт назарын өзіне аударды. Витастың бұл әнінде өте биік шырқалатын дыбыстар бар. «Опера 2» әні кезінде осымен танымалдылыққа ие болды. Турасын айтқанда, Витастың осы әнінде биік дыбыстар болмағанда, ол көп әндердің бірі ретінде жұрт назарына ілінбес еді.

Айтпағымыз, Димаш Құдайбергеннің қазіргі танымалдығының ең басты себебі — дауысымен биік дыбыстарды шырқай алуында. Егер ол орындайтын әндерде биік дыбыстар болмаса, ол ән әрсіз болып қалатындай.

Бұл жағдай Димаш Бруно Марстың «Uptow Funk» әнін орындағанда байқалды. Бұл әнде көрермендер күткенімен, Витастың әніндегідей биік дыбыстар болған жоқ. Сондықтан Димаштың әнді орындау барысындағы киім киісі, сахнада өзін еркін ұстауы күткен нәтижеге жеткізбеді.

Осыдан соң, Qazak Times басылымы «…бұл жолы Димашқа жүктелген ән оның орындау стилінде жоқ», – деп жазды.

Осы жерде бір сұрақ туындайды.

Димаш Құдайбергеннің өзіндік орындау стилі бар ма? Меніңше, бұл туралы айту әлі ертерек.

Димаш қазір іздену үстінде. Димаш өзіндік стилін таба ала ма? Ол үшін көп ізденіс қажет. Олай болмаған күнде,

жас әнші тек биік ноталарды алудың «тұтқыны» болып қалып, бірқалыпты сарындас әндер орындай жүріп, тез ұмыт болып кететін жас әншілер қатарын толықтыруы ғажап емес.

Бердалы ОСПАН, мәдениеттанушы
https://kaz.365info.kz/dimash-khazakhi-anshi-emes-249626

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз