6 шілде күні Қазақстанда Астана күні тойланды. Мерекенің құрметіне Нұр-Сұлтан тұрғындарына арнап отшашу ұйымдастырылды. Алайда бұндай шара барлығының бірдей көңілінен шақпады. Танымал әнші де бұған қатысты наразылық танытты.
«Бұл отшашу ненің құрметіне атылды? Әлде коронавируспен ауырғандар бойынша әлемде бірінші орынға шығуымыздың құрметіне ме? Адамдар тыныс алатын баллон мен кислород таба алмай жүрсе, астанада отшашу ұйымдастырып жатыр. Осы қарқындарыңыздар таймаңыздар! Келесі жылы да жалғастыруға тілектестік білдіремін. Бірақ ол кезде тойлайтын ешкім болмайды», — деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 1109 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, олардың 460-ы симптомды, қалған 649-ы симптомсыз тасымалдаушылар.