Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Диктатордың ағасын өлтірген кім?

Ким Чен Нам 14 ақпан күні Малайзия астанасының әуежайында уланған. Оның бетін улы зат жағылған шүберекпен бүркеген. Қылмысқа қатысы бар деп он адам күдікке ілінген. Оның төртеуі ұсталған. Ұсталған Индонезия азаматы шабуылды жәй “ойын” деп есептегенін айтқан. Оның сөздерінше, бейтаныс адам оған 90 доллар беріп, “балалар сабынына” ұқсайтын сұйықтық жағылған шүберекті Ким Чен Намның бетіне бүркеуін сұраған. Бірақ әйелдің денесінде улы заттың ізі болмаған.

Ким Чен Нам Солтүстік Кореяның бұрынғы лидері Ким Чен Ирдің үлкен ұлы. Соңғы уақытта шетелде тұрған, Пхеньян билігін ашық түрде сынап келген. Оңтүстіккореялық БАҚ-тың жазуынша, өлімге тапсырыс берген Солтүстік Кореяның арнайы қызметі болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз