Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Диагнозы құпия”. Қарағандыда сотқар оқушы арнайы орыннан бір-ақ шықты

Оқушылардың бірінің анасы 4-сынып оқушыларының 20 қыркүйек күні сабаққа келмегендерін айтты.

«Бұл – жаппай жарияланған байкот. Балалар өздерін ұрып-соққан оқушының тәртібінен мезі болды. Ол сабаққа кедергі келтіреді, оқушыларды ұрады, мұғалімдерге дөрекілік танытады. Неге екені белгісіз, педагогтар әрекетсіз отырды», – деді оқушылардың бірінің анасы Мария.

https://kaz.365info.kz/kyn-korsetpejdi-kharagandyda-bir-synyptyn-okhushylary-bytindej-sabakhkha-kelmej-khojdy-281140

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмайра Наурызбекова оқу үдерісіне тұтас сынып емес, кейбір оқушылардың ғана байкот жариялағанын айтты.

«Біріншіден, сабаққа тұтас сынып емес, біраз оқушы келмей қалды. Екіншіден, балаға қатысты шараны мектеп әкімшілігі қолданды. Ол балалар психоневрологиялық диспансеріне жатқызылды. Диагнозын, көрсеткішін дәрігерлер құпия сақтауды бұйырды. Бұл бала енді мектепке келмейді. Сыныптағы оқу үдерісі қалпына келтірілді», – деп түсіндірді Наурызбекова.

https://kaz.365info.kz/s-mdy-aj-zh-regi-to-tap-aldy-degen-o-ushyny-synyptasy-ryp-ltirgen-video-242457

Бала арнайы психоневрологиялық мекемеде бұрыннан бақылауда тұрған екен. Педагог жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар баланың дені сау балалармен бір сыныпқа қалай түсіп қалғанын білмейді

«Мен дәрігер емеспін. Бұрын оқшаулайтындай көрсеткіштері болмаған шығар, білмедім», – деп қосты Наурызбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз