Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Ди Ма Ши, кетпеши…». Қытай жанкүйерлері Димашты қаумалап, жүргізбей қойды (видео)

Фанаттың көбісі – қыздар қауымы. Димашты бір рет суретке түсіріп алу үшін жанталасып бағуда. Димаш қарапайым ғой. Жәймен жымиып, ешкімнің меселін қайтармай, оларды жайдары қабылдауда.

Мына бір видеоны жариялаған Қытай фанаты: „Ол не деді, аударып беріңіздерші„ деп өтініпті. Ал ол видеода қасындағы қытайша жақсы білетін Алпамыс деген жігітке: „Саған сөйле деп жатыр„ – дейді.

Видеода Димаштың жанына серік болған Алпамыс: „Күзетпен жүруге мәжбүр болып жатырмыз. Димаштың фанаттары осындай. Тек күзетшілердің көмегімен жүруге тура келіп тұр„ деп айтады.

Кейінгі ақпараттарда, тіпті Димашпен тілдескісі келген қытайлық фанаттардың кейбірі қазақ тілі курсына жазылып жатқаны да айтылады.

Айта кетелік, Димаш Құдайбергенді қытайлар өз тілдеріне ыңғайлап Ди Ма Ши деп айтып жүр.

https://www.youtube.com/watch?v=D15A22iKowM

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз