Димаш Қытай сахнасында тағы бір әннің тұсауын кесті. Бұл жолы ол Қытайдың рок-музыка патшасы Ву Тонг мырзамен дуэт орындады.
Димаштың орындауындағы жаңа әннің аты – “Жасмин”. Дегенмен оны жаңа ән деп айтуға келмейді, бұл Қытайдың көнеден келе жатқан халық әні. Атауы айтып тұрғандай, бұл әнмен бірге ұлттық фольклорлық аспаптар да қолданылды. Ву Тонг мырзаның сахнаға алып шыққан көне аспабы елді елең еткізді. Көп оны біле бермейді екен. Сөйтсек ол шэн деген қытайдың көне аспабы көрінеді.
Шэндегі әдемі әуезбен жұлдыздар арасынан Димаштың бейнесі пайда болады. Көп біле бермейтін аспап та сиқыр, Димаш та сиқыр секілді.
Сахналық көрсетілімде 3Д форматы да өте сәтті қолданылған. Үлкен кеме көрермендерге жол тартады. Желідегілер оны Нұқ пайғамбардың кемесі деп те қалып жатыр. Мамандар жалпы, ән мен оны жеткізу жаңа жылдық бағдарламаға сай өте сәтті шыққан деген баға беруде.