Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ди Каприо Тәжікстан билігін қар барысын сақтауға шақырды

Экологтардың мәліметінше, Жер бетінде бар-жоғы 3 мыңдай қар барысы қалған. Олар Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Непал және Ауғанстанның таулы аймақтарында мекендейді.

Олардың мекендеу аясы тарылып жатқаннан кейін, қыс мезгілінде тамақ іздеп, ауылды аймаққа түседі. Мәселен былтыр Тәжікстанның Бартан қышлағының тұрғындары қысқы уақытта қораға тамақ іздеп кіріп кеткен қар барысын босатқан.

​Леонардо Ди Каприо 1998 жылы Leonardo DiCaprio Foundation қорын құрып, қоршаған ортаны қорғауға арналған 70 инновациялық жобаға 30 миллион доллар бөлген. 2016 жылдың қаңтар айында Голливуд жұлдызына Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Crystal Award сыйлығын берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз