Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Депутаттардың жалақысы өспейді – Бақыт Сұлтанов

145

Бақыт Сұлтанов

«Жалақыға қатысты барлық мәселелерді бір сөйлеммен баяндау көп адамды жаңылдырған тәрізді. Сол себепті жалақыны өсіру туралы нақтылап түсіндіргім келеді, – деді Сұлтанов. – Жалпы сома – 33,1 млрд теңгенің 32,5 млрд теңгесі әскери қызметшілердің және ішкі істер органдары қызметшілерінің қызметтік жалақыларын биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап, 25 процентке көтеруге жұмсалады.

 

Депутаттарға келер болсақ,

мұнда парламентарийлердің жалақысын мемлекеттік қызметшілердің өзге санаттарының деңгейіне дейін теңестіру көзделген.

Өздеріңіз білетіндей, бұл теңестіру биылғы көктемде жүзеге асты. Аталған мақсаттарға 640 млн теңге қарастырылған», – деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, бұл халық қалаулыларының еңбекақысы тағы да өседі дегенді білдірмейді.

https://kaz.365info.kz/politsiya-men-deputattardyn-ajlygy-osedi-285190

«Республикалық бюджет туралы заң бекітілмейінше, қаржыландыру көлемдері бойынша түзетулер жүзеге аспайды. Сондықтан, бүгінгі нақтылау аясында Заң жобасы бұрын қабылданған нормалармен бірге келтірілді. Сәйкесінше, еңбекақыны тағы да көтеру туралы әңгіме болмауы тиіс», – деді Бақыт Сұлтанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз