Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Депутаттардың қазақша сұрағына түсінбеген министр әбден састы

Бірінші болып Бекболат Тілеухан сауал қойды. Депутат келісімдегі ақпаратты жарияламау және қорғау міндеттемелері көрсетілген норма бұзылғанда, қандай жауапкершілік көзделгенін білгісі келді. Министр сауал қазақша болса да, орысша сөйлеп кетті. Сонда да мандытып жауап бере алмады. Осы жерде мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин сөзге араласуға мәжбүр болды.

“Сіз жалпы сөздермен лекция оқып бердіңіз. Сұрақ нақты болды, ал сіз сұрақты түсінбедіңіз”, — деген ол депутаттың сұрағын орысшаға аударып беріп, министрден сауалдарды зейін қойып тыңдауды өтінді.

Осыдан кейін орысша сауалдарға мүдірместен жауап беріп жатқан министр қазақшаға келгенде тағы да тосылды.

Депутат Хаменованың сұрағының байыбына бара алмай, “мен… бұл үшін…” деп сасқалақтап, қандай жауап берерін білмей әбден қысылды.  Осы кезде Нығматулин тағы да көмекке келді.

“Депутаттың сұрағы мынадай болды: айырбасты жеңілдету бойынша қандай шаралар болады және бұл шаралар қашан қабылданады? Бұл ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуге жол ашпай ма? Мен сізге әрі қарай да аударып бере аламын. Бірақ алдыңызда құлаққап бар, егер түсінбесеңіз, аударманы тыңдауыңызға болады”, — деді Нығматулин орысшалап.

Министр кешірім сұрап, әрі қарай ресми тілде сөйлей жөнелді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз