Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

“Депутаттар, сендер сыймайсыңдар”. Ұлттық пантеонда кімдер жерленетіні белгілі болды

Ұлттық пантеон – мемориалдық ғимарат, онда „Аза тұту қабырғасы„ монументі бар мұражай орналасқан, одан бөлек көлік тұрағы, зираттардың қоршауы, әкімшілік және шаруашылық ғимараттары бар.

Ұлттық пантеонда мынандай адамдар жерлене алады:

– Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері;

– Қазақстанның премьер-министрлері мен оның орынбасарлары, парламент палатасының төрағалары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігі басшылары, конституциялық кеңес, Ұлттық банк пен Жоғарғы сот төрағалары;

– министрлер, президентке тікелей бағынатын мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімдері, республикалық маңызға ие қала әкімдері, Астана әкімдері;

– «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленгендер;

– «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлері;

– «Кеңес Одағының батыры», «Социалистік еңбек ері» атағының иегерлері;

– «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын иеленгендер;

– президенттің айрықша шешімімен мақұлданған өзге де тұлғалар;

– Пантеонға жерленгендердің қасына кейін қаза болған жары да жерлене алады.

Ереже жария етілгеннен кейін он күн өткенде заңды күшіне енеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз