Парламент Мәжілісінде 22-қыркүйекте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Ниғматулиннің басшылығымен арнайы отырыс өтті.
Отырыста салалық комитеттер ұсынысы бойынша алдағы пленарлық отырыстың күнтәрбіне қойылатын мәселенің нобайы жасалды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Депутаттар талқылауына қабылдануы тиіс бірқатар заң жобасы ұсынылмақ. Оның ішінде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сотталған тұлғаларды өткізіп беру туралы келісім де бар.