Сондай-ақ олар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай елордада „Тәуелсіз Қазақстан„ монументін орнату туралы бастама көтерді.
Бұл ұсыныстар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында қамтылған дейді Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов деп хабарлады Zakon.kz.
„Астанамыз және басқа да қалалардағы маңызды нысандар Елбасымыздың есімімен атауды ұсынамыз. Біздің біртұтас мақсатымыз – Елбасының маңына топтасып, Мәңгілік ел құндылығын нығайтып, біздің барымыз – егемен әрі тәуелсіз Қазақстанды аялай сақтап, артымыздағы ұрпаққа мұра ету. Азат елміз, бола да береміз, бізді тұтастыратын басты құндылықта та осы болады„ – деді ҚР Парламенті қос палатасының біріккен отырысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық декларациясы жобасын оқыған ол.