Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
3
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Депутаттар “Бәйтерек” холдингін сын астына алды

Өксікбаевтың айтуынша, соңғы 3 жылда мемлекет «Бәйтерек» пен оған қарасты компанияларға 365 миллиард теңге бөліпті.

Ал, осы күнге дейін холдинг басшылары жылды табысты аяқтадық деп есеп бергенімен, қазынаға мүлдем пайда түсірмеген.

«Бәйтерек» холдингіне   «Тұрғын үй құрылысжинақ банкі», «Қазақстанның даму банкі», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қарайды. Және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты. Енді депутаттар ұлттық компанияның табысы мен шығынын жіті тексеруді талап етуде.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

– Мемлекет «Бәйтерек» холдингіне жылына 32 миллиард теңге жұмсайды. Менеджерлері мемлекеттің ақшасын үнемдеуді білмейді, оңды-солды шашуда. Ол аздай ұлттық компанияның өткен жылғы сыртқы қарызы 1 триллион 21 миллиард теңгеге жеткен. Жалпы 5 миллиард долларға  жуық берешегі бар.  Ал шетелдерден алған несиенің нәтижесі мүлдем жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз