Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
6
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

“Депутаттар да ақиқатты айтсын!”. Тоқтар қатты кетіпті

111

Әншілерден шынайы болуды сұраған депуттардан Тоқтар Серіков шыншыл болуды сұрады.

«Фонограмманы алып тастаса, алып тастасын. Мен қарсы емеспін.

Бірақ депутаттар да өздерінің сөзін сөйлесін. Шын сөзін сөйлесін.

Оларда шындықты айтсын, біз әншілер де шын ән айтуға тырысамыз. Жанды дауыспен айту қазір ақырындап келе жатыр. Барлық әріптестерім жанды дауыспен ән сала алады», – деді әнші Тоқтар Серіков.

Ал продюсер Бауыржан Есебаев депутаттардың түсінбейтін дүниеге араласпағаны дұрыс деп қысқа қайырды.

«Фонограмма керек. Онсыз болмайды. Себебі, бізде кез-келген зал жанды дауыспен ән айтуға арналмаған. Сондықтан фонограмма керек. Себебі, бір залға барсаң жаңғырып кетеді, екінші залға барсаң аппаратура дұрыс болмайды. Сондықтан ол сауатсыздау тірлік. Жанды дауыспен ән айту үшін ғимараттың акустикасы жақсы болу керек. Одан соң оған сай аппаратура болу керек. Ол әншілердің өздеріне қарап тұратындай, өз әнін тыңдап тұратындай болу керек. Сол үшін ол өте күрделі дүние.

Депутаттар әнші емес.

Сондықтан олар музыканы түсінбейді», – деді продюсер Бауыржан Есебаев.

Мөлдір Әуелбекова болса депутаттардың осы бастамасы ертерек жүзеге асса екен деп жүргендердің бірі екен.

«Фонограммаға қарсы заң шығып жатса, ең бірінші қуанатын адамдардың қатарынанмын. Өйткені, өнердің іші жалпақ тілмен айтқанда тазаланатын еді. Киелі сахнаға шын таланттар шығар еді», – дейді әнші Мөлдір Әуелбекова.

Бағлан Әбдірайымов болса, аудан-ауылдарды аралаған кезде төрт жігітке техникалық тұрғыда қиындықтар болатынын айтып отыр.

«Жігіттер» тобына қиын болатын шығар фонограммасыз. Өйткені, барған жерімізде жақсы төрт бірдей микрофон табу қиын. Бірақ, біз қорықпаймыз. Өйткені, бір емес, қанша рет жанды дауыста концерт бердік. Фонограмманы алып тастай берсін. Негізі 5 жыл мен 10 жылдың арасында айырмашылық көп. Техника дамыған. Қазір мүмкіндік көп»,- дейді әнші Бағлан.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз