Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Депутатқа тиіпті…”. Қырғыз президентінің қызы сұлулығымен тамсандыруда

244

“Үш рет Жогорку Кенеш депутаты және ауыл шаруашылығы министрі болды. 2010 жылдан кейін Ош облысын басқарды. Мемлекеттік кадр қызметі басшысының орынбасары, президент аппаратының жетекшісі болды. 2016 жылдың сәуірінен биылғы тамызға дейін үкімет басшысы. Кейін ол президент сайлауында үміткер болды”, – деп жазыпты портал.

Жээнбековтің жұбайының аты – Айгүл. Мамандығы белгісіз, үй шаруасында. Қызы Бақтыгүл Қырғыз-Ресей Славян университетінде білім алуда. Былтыр тұрмысқа шыққан. Күйеу баласы – депутат Алиярбек Абжалиевтың ұлы – Атабек. Жээнбековтың Әлиасқар есімді бір немересі бар.

Ал Жээнбековтің қызы Бақтыгүлдің сұлулығы туралы әлеуметтік желілерде көп жазылып жатыр.

Жээнбековтың жұбайы мен қызы

Жээнбековтың жұбайы мен қызы

“Інісі Асылбек Жээнбеков (53 жаста) V шақырылымдағы Жогрку Кенештің спикері болған. Қазір ҚСДП фракциясының депутаты. 2016 жылы Сооронбай үкімет басшысы болғандықтан інісі төраға орнын босатуы керек болды. Өз билігі кезінде парламент ғимаратында намазхана ашқанымен есте қалған. Әулетінде ең кіші болғанымен беделі артық”, – деп жазады портал.

Табыс декларациясы бойынша, Жээнбеков былтыр 870 мың 1 сом табыс көрген. Сонымен бірге, ол ауданы 160 шаршы метр үйі, 60 шаршы метр саяжайы және 48,04 гектар шаруашылық жері барын көрсеткен. “1 700 түп алма ағашы бар, екі мың терек пен вагон-үйі және МТЗ-80 тракторы бар. Ал Жээнбековтің туыстары айтарлықтай көп табыс көрген – 2,4 миллион доллар. Олардың басында 64 шаршы метр пәтер мен он гектар ауылшаруашылық жерлері бар. Былтырғы декларациясында оның 66,6 гектар жайылым жері көрсетілген. Декларация бойынша, жайылым жерлер жекеменшік емес, 2015 жылы жалға алынғаны белгілі болды. Қазір бұл жерлер оның иелігінде емес”, – деп атап өтіпті басылым.

Еске сала кетейік, Социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз