Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Депутат қыздарға күнделікті өмірде қамзол киіп жүруді ұсынды

Оның айтуынша ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу мектепке дейінгі мекемелерден бастау алу керек.

“Рухани жаңғыруға қатысты айтарым: біздің жастардың арасында ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді дәріптеу қажет. Бұған қатысты жұмыс мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы керек. Осыған орай, ұлттық ерекшелік белгісі бар киім енгізу мәселесін қарастыруға болады. Егер біздің қыздар ұлттық киімді тек мерекелерде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де киетін болса, жаман болмас еді”, — деп мәлімдеді Қарақат Әбден.

Өзінің қалалық мәслихаттағы қызметіне қоса, Қарақат Әбден өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелермен айналысатын “Қазақ Қызы” ұйымының төрайымы болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз