Жаңа қабылданатын кодекс екпелерге қатысты белгілі бір құжаттар бойынша ақша жылыстатуға мүмкіндік беріп, жемқорлыққа негіз болады. Бұл заң жобасының проблемаларының бірі ғана.
— Қайырғали Ысмағұлұлы, «Халық денсаулығы туралы Кодекс» бойынша ақпан айының соңында өткен қоғамдық тыңдауларда ҚР Денсаулық сақтау министрлігін ашық сынға алдыңыз. Сіздің ойыңызша, қазіргі Кодекстің негізгі кемшіліктері қандай?
— Қазір барлығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігін енгізгісі келетін даулы 16 мәселеге қатысты талқылауда. Бұл түзетулер бойынша министрлік ымыраға барғысы келмейді, сөздерді синонимдерге алмастырғанымен, мәні бұрынғыдай қалады.
ҚР Кодексінің жаңа жобасының негізгі кемшілігі — ол көптеген қолданыстағы заңды бұзып отыр
Соның бірі ретінде нормативтік-құқықтық актілерді айтуға болады.
Нақтырақ айтатын болсам, Кодекстің өзі Кодекс деген анықтамаға сай емес. Себебі Денсаулық министрлігі ұсынып отырған жоба жүйесіз және ұсақ-түйек мәселелрді көтерген. Осы секілді Кодекске тән емес кереғар тұстары көп.
Мәселен, 27-баптың 6-тармағының 2-тармақшасында: Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік медициналық ұйымды басқару жөніндегі қызметпен Денсаулық сақтау менеджері сертификатынсыз айналысуға тыйым салынады.
Сертификаттың болуы — біліктілік талаптарына байланысты. Бұл талап тек Кодексте ғана емес, сондай-ақ заңға тәуелді актіде де көтерілмеуі керек. Ол ұйымның біліктілік талаптарында айтылатын мәселе.
132-бап. Медициналық көмек көрсету деңгейі (алғашқы, екінші және үшінші).
Қазіргі кезеңде мұндай тәсіл нарықтық қатынастар мен жеке медицинаның қарқынды дамуына байланысты өз өзектілігін жоғалтты. Жеке клиникалар көбінесе науқастармен жеке жұмыс істеуге бағытталған және бір науқасқа барлық үш деңгейді ұйымдастыра алады. Сондықтан да бұл заңға тәуелді актіде көрініс табуы тиіс динамикалық құбылыс.
188-бап. 4 және 5-тармақтар. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдаланып, мәжбүрлеп емдеуде жүрген психикалық мінез-құлықтық бұзылулары (ауруы) бар адамның құқығы бар және міндетті.
Бұнда тек Кодекске ғана емес, сондай-ақ заңға тәуелді актілерде де көрсетілмейтін нормалар жазылған. Ал ол ұйымның күн тәртібі мен талаптарын сипаттайды және оның ішкі тәртібіне қатысты мәселе.
Кодекстің заң жобасының ұғымдық аппаратынан бастап қатеге толып тұр.
102-бап. Пациентке медициналық ұйымда бақылау және емдеу кезеңінде медициналық көмек көрсететін емдеуші дәрігер.
Денсаулық сақтау министрлігі егер науқас медициналық ұйымнан тыс жерде болса, ол емдеуші дәрігерсіз қалады деп санайды. Яғни, егер кенеттен емделушіде дәрі-дәрмекті қолданғаннан кейін қандай да бір реакция пайда болса, ол өзінің емдеуші дәрігеріне жүгіне алмайды, өйткені қазіргі уақытта ол медициналық ұйымның ішінде емес. Ал бұл пациенттің құқықтарына тікелей қысым жасау!
91-бап. Денсаулық сақтау ұйымы — денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Денсаулық сақтау министрлігі клиникалардың бөлімшелері заңды тұлға, ЖК ретінде тіркелмесе Денсаулық сақтау ұйымдары бола алмайды деп санайды.
79-бап. Денсаулық сақтау менеджері — мемлекеттік медициналық ұйымды басқаруды жүзеге асыратын бірінші басшы.
Денсаулық сақтау министрлігі басшының орынбасарлары, бөлім бастықтары мен жеке меншік клиникалардың басшылары денсаулық сақтау менеджерлерінің қатарына қоспайды.
Халыққа қарсы Кодекстегі ең қорқынышты нәрсе — 216 баптың, 7 тармағы.
Денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті орган айқындайтын Транспланттау жөніндегі үйлестіру орталығына, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісінің орналасқан жері бойынша транспланттау үйлестірушісіне жарақат алған немесе ми қан айналымының жіті бұзылуы себебінен кома жағдайында емделуге жүгінген, түскен немесе жатқан адамдар туралы мәліметтерді комаға түскен кезден бастап дереу хабарлауға міндетті.
Денсаулық сақтау субъектілерінің басшылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы норма орындалмаған жағдайда жауапқа тартылады.
8-тармақ. Осы баптың 7-тармағын іске асыру бойынша денсаулық сақтау субъектілерін бақылауды денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары және медициналық қызметтер көрсету сапасы саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Ал ұғымдық аппаратта да, құзыреттер бөлімінде де трансплантация жөніндегі үйлестіру орталығы немесе трансплантациялық координаторлық жұмыстарды атқаратын орган (немесе лауазымды адам) туралы айтылмаған.
Неліктен трансплантация жөніндегі үйлестіру орталығына пациенттің миының өлімі туралы емес, комадағы пациент туралы хабарлау қажет екені де түсініксіз?
Бірінші жағдайда комадан шығу ықтималдығы өте жоғары. Сонымен қатар, көбінесе қысқа мерзімді кома жастардың миы шайқағанда да болуы мүмкін, ол өлімге алып келмейді.
Осы норманы негізге ала отырып, ары қарай трансплантациялық үйлестіруші науқасқа ем жүргізу тактикасын анықтайды. Егер науқастың антигендік құрылымы кең таралған болса, ол ми шайқалуынан тірі қалуы мүмкін. Егер оның антиген құрылымы сирек болса, мидың шайқалуы оның өлімге себеп болатын жағдайлар көп.
— Қалай ойлайсыз, Денсаулық сақтау министрлігі осындай олқылықтар болмауы үшін Кодексті дайындау жұмыстарын қалай ұйымдастыруы керек еді?
— Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс —нормативтік-құқықтық акт, оның қоғамға қажет екені сөзсіз.
Ескі Кодекстің қолданысты жүргеніне 10 жылдай уақыт болды, ондағы кейбір моральдық ұғымдар ескірді
Денсаулық сақтауды дамытуға серпін беру үшін жаңа Кодекс әзірлеу қажет болды. Бірақ бар мәселе оны отандық денсаулық сақтау саласында мүддесі жоқ, оған жаны ашымайтын денсаулық сақтау министрлігінің басшылары дайындады. Олар қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің емделушілері емес, шетелде емделгенді жөн көреді.
Сіздерге сөзімді дәлелдейтін бір мысал келтірейін: Алматы қаласындағы ТКҚСҚБД директоры (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті— ред.),
қаланың Бас санитарлық дәрігері Айзат Молдагасимова коронавирус бойынша карантинге жатқан жоқ. Оған ауру жұқтырған жолаушымен байланысқан басқа адамдар секілді инфекциялық стационарда емес, үй режимінде болды
Ол анасын емдетуге Еуропаға апарған. Бұл туралы брифингте оның орынбасары А.Т. Қалықова ресми түрде мәлімдеді.
—Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі қызметін пайдаланбайтын, өздері де, туыстары да шетелде емделетін депутаттар бірінші оқылымда бұл Кодексті бірауыздан қабылдады.
Жаңа кодексті Денсаулық сақтау министрлігі емес (бұл атқарушы билік), депутаттар — сайлаушылардың сұраныстары мен емделушілердің мүдделерін ескере отырып жазуы тиіс болатын.
— Егер Кодекстің қазіргі нұсқасы қабылданса, қандай қауіп бар?
— Егер Кодекс осы нұсқада қабылданса, одан науқас зардап шегеді. Онда науқастарға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дамыту тетіктері жоқ.
Егер Кодекс қабылданса, дәрігерлер зардап шегеді, олар «былай тартсам арба сынады, былай тартсам өгіз өледінің» кебін киеді. Біріншіден, халықтың сынына ұшыраса, екіншіден, дәрігер кодекс нормалары бойынша міндеттерін орындаймын деп, емделушіге зиян келтіреді.
Егер кодекс қабылднаса, денсаулық сақтау саласында жемқорлық етек жаяды
Екпеден бас тартатын ата-аналар әкімшілік кедергілерден өтетін жол іздеп, екпе салдырмаудың жолдарын табуға тырысады. Тіпті жалған анықтамалар алады.
Бұл халықтың вакцинациялану деңгейі бойынша шынайы ақпарат алуға кедергі келтіріп, басқару шешімдерінің дұрыс қабылданбауына себеп болады. Эпидемия кезінде басқарылатын инфекциялар мәселені бұдан да ушықтыратыны сөзсіз.