Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстанда коронавирус жұқтырған емделушілер» туралы ақпаратты жоққа шығарды

527
Сурет: Stokkete

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифингте денсаулық сақтау жүйесінің лауазымды тұлғалары хабарлады. Нақтырақ айтсақ, Денсаулық сақтау министрлігінің  ресми өкілі Диас Ахметшарип әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған жалған ақпаратқа назар аударды.

«Еліміздегі қалалардың бірінде орналасқан стационарда коронавирус жұқтырған адамдар жатыр деген ақпарат бар. Біз қалалар мен аудан орталықтарындағы барлық емханалармен жұмыс істейміз. Бұл шындыққа жанаспайды», —

деген Ахметшариптің пікірін inform.kz жариялады. Емханаларда шетелден келген адамдар жатыр, олар медициналық тексеруден өтуде, — дейді министрліктің ресми өкілі.

«Мен коронавируспен ауырған, тіпті ауру жұқтырды деп күдік тударған адамдар тіркелген жоқ деп ресми түрде хабарлаймын», —

дейді елдің бас санитарлық дәрігері  Жандарбек Бекшин. —

Мен жақында Қытайдан шығатын бекеттердің барлығын аралап шықтым, жолаушылар тасымалдау арналарының бәрі жабық».

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Қытайда коронавирус жұқтыру қарқыны төмендеген. 23 ақпанда ең аз жұқтыру фактісі тіркелген. Елдегі аурулардың саны 0,28%-ға артқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз