Өткен тәулікте Қазақстанда 311 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
— Соңғы екі-үш күнде бұрынғыға қарағанда коронавирус жұқтырғандардың саны артқаны анықталды. ТЖ режимі тоқтатылды, бірақ карантиндік шектеулер сақталып тұр, (…) Індет жұқтырғандардың саны артып жатқандықтан, карантин шектеулерін бәсеңдету мерзімі бір аптаға шегерілді, — деді шенеунік.
Бюрабекова көрсеткіштің артуын халықты скринингтен өткізу қарқынының артуымен байланыстырды.
— Бүгінгі күні зертханалардың қуаты тәулігіне 28 мың тестке дейін артты. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеттерінің, ЖИТС орталықтарының зертханалары, жеке зертханалар, сондай-ақ инфекциялық стационарлардың зертханалары тартылды. Бұдан басқа, эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірден аймаққа жолданған жылжымалы зертханалар да бар, — деп түсіндірді вице-министр.
Оның айтуынша, 14 сәуір күні бекітілген тестілеу жоспары аяқталуға жақын. Жақын арада Денсаулық сақтау министрлігі скринингтің жаңа қадағалау механизміне көшеді.
— Мәселен, науқастарды тестілеуден өткізетін емханалар тағайындалады. Ары қарай ел бойынша ауру жұқтыру қарқынының өсуі анықталады, — деп түйіндеді Бюрабекова.