Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Денсаулық министрі қамауға алынған қызметкерлеріне қатысты өз ойын айтты

Біртановтың атап өтуінше, ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталған Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Пак зейнет жасқа жетіп, жұмыс істеген.

“Лариса Пак денсаулық сақтау саласында көптен бері жұмыс істеп келеді. Білуімше, мемлекеттік қызметке ол 2002 жылы келген болатын. Осы уақытқа дейін ол барлық сатылардан өтіп, комитет басшысы қызметін де атқарған. Былтырдан бері Пак комитет басшысы міндетін атқарушы болып жұмыс істеді”, – деді Біртанов журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің айтуынша, бұрын министрлікте фармацевтикалық және медициналық қызметті бақылау комитеті болған. Бертін келе фармация комитеті бөлек шығарылды.

“Дәл осы комитетте ол төрағаның орынбасары әрі міндетін атқарушы болған. Оны комитет төрағасы қызметіне қоймады. Себебі кәсіби біліктілік талаптарына сай келмеді. Біріншіден, ол зейнет жасқа жеткен. Сол себепті “А” категориясына, яғни комитет төрағасы қызметіне таласа алмады”, – деп атап көрсетті Елжан Амантайұлы.

Комитет төрағасы міндетін атқарушы және оған қарасты қызметкерлер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелермен айналысты.

“СК Фармацияның” күнделікті жұмысына да араласты. Дәл осы ұйымның дәрі-дәрмектерді сатып алуға жауапты екені белгілі. Оның қызметі тиісті нормативтік базамен реттеледі. Оны да комитет әзірлейді”, – деді ол.

Айта кетейік, Лариса Пактан бөлек жалпы 10 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін комитеттің бас сарапшысы Д.К.Ибраева, Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің төрайымы З.Ш.Қажынова, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармация комитетінің бас маманы П.Т.Имамxоджаев, сондай-ақ параны берген “Зерде” ЖШС атқарушы директоры Э.М.Жүзбаева қамауға алынған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз