ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Instagram желісінде министрлік атынан ашылған парақшаның өтірік екенін айтты.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Instagam әлеуметтік желісіндегі “Денсаулық сақтау министрлігі” деген аккаунттар жалған болып саналады.
“Оларда жарық көрген кез келген ақпарат ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми ұстанымы болып табылмайды. Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ. Сондықтан министлік осы жайтты ескеріп, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдауды сұрап, хат жолдайды”, – делінген ведомствоның хабарламасында.