Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
18
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Денис Тенге қатысты атышулы жазбасы үшін оралдық мұғалімге сот үкімі шықты

Сот Байзеновті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша (“Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру”) айыпты деп таныды.

Мұның алдында оралдық мұғалімнің үш жылға сотталуы мүмкін екені айтылған болатын.

Оған тұрғылықты мекен-жайын ауыстыру, шетелге шығу және түнгі уақытта үйінен шығуға тыйым салынды.

Сондай-ақ, сот үкімі бойынша Шерхан Байзеновтің ары қарай мектепте жұмыс істеу-істемеуі туралы шешімді мектеп әкімшілігінің өзі шешетін болды.

Байзеновтің жазбасы әлеуметтік желілерде шу шығарып, қазадан қайғырып жатқан жұрт мұғалімнің әрекетін сөккен. Кейінірек жазба авторының БҚО-дағы Белес ауылында мектеп мұғалімі екені анықталды.

25 жастағы мұғалім физика пәнінен сабақ береді. Осыдан кейін мұғалімнің үстінен шағымдар түскен, тіпті ол оқытатын балалардың ата-аналары шағымданып, баласын оған оқытқысы келмегенін мәлімдеген.

Осыдан кейін Байзенов мектеп директорына кіріп, жұмыстан шығуға дайын екенін айтыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз