Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Денесі даладан табылып, туысы жоқтардың қатарына қосылған

Ағаларының о дүниелік болып, тіпті жерленіп те қойғанын естіген  бауырлары ашуланып отыр. Олар төрт көзіміз түгел отырсақта, қалайша Дулатты жетім біреудей көме салған дейді. Сондай-ақ, бұлардың жерленген адамның өз бауырлары екеніне сеніңкіремей де отырған жайы бар.

“Енді қалай? Бәлен ағайынды жігітпіз. Жетім-жесір емес қой көшеде жүрген. Эксгумация жасау ойымызда бар. Өйткені біз күдігімізден арылуымыз керек. Мүмкін, бір жерде құлдықта жүрген шығар”, – дейді марқұмың інісі Бота Оразбаев.

Дегенмен, сот-медициналық сараптама да, жерлеу бюросы да Дулат Мұсайбековтың жерленгенін растап отыр. “Міне,біздің қолымызда Ішкі істер бөлімінің қаулысы бар. Осы қаулы бойынша Дулат Мұсайбеков иесіздер зиратына қыркүйектің 14-інде мұсылмандық жолмен  жерленді”, – дейді жерлеу бюросының қызметкері Светлана Богрянцева.

Дулат қант диабетімен ауырған. Диспансерлік есепте тұр. Мәйітті тапқанда қалтасынан барлық құжаттары, тіпті инсулин дәрісіне дейін шыққан. Бірақ анасының үйінде тіркеуде тұрған марқұмның туысқандарын ешкім таппай қалыпты-мыс. Енді оның аты-жөні белгілі бола тұра, иесіздер зиратына қалай болса солай жерленгенін естігенде, бауырлары шошып кетті.Ал полициядағылар болса марқұмның туыстарын барынша іздедік деп отыр.

“Мәйіт табылғаннан кейін полицейлер оның соңғы тіркелген мекен-жайын тексерді. Көршілерінен сұрастырды.Бірақ оны ешкім білмеді. Дулат Мұсайбеков ішкі істер органдарында «маскүнем»  ретінде есепте тұрған. Бір ай бойы оны ешкім іздеген жоқ”, – дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Әсем Әбдірахманова.

Марқұмның туысқандары автокөлік жөндейтін шебердің шынымен де ішкілікке жақын болғанын айтады. Дегенмен, табысын екі баласына жұмсап келген. «Бір жағынан, Дулатты тапсырыс берушілер Қостанай, Атырауға дейін алып кетіп, көліктерін жөндететін. Мүмкін, сондай бір жерде жүрген шығар деп іздемедік» дейді олар. Ал өлген адамның бар туысын таппаған тәртіп сақшыларының өз әрекеттері үшін жауап беруін талап етуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз