Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Демалысың болса қайтейін?”. Тойда мас болған мемлекеттік қызметкерлер шетінен жазаланып жатыр

Иллюстрациялық сурет

Қадамын шалыс басатын шенеуніктер аз емес

Мәселен, Шалқар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Әлібеков супермаркет ішіне кіріп, тегін ішімдік беруді талап еткен. Әдеп кодексін бұзған шенеунік тәртіптік жазаға тартылды.

«Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Омаров автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін тәртіптік жазаға тартылды. Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестациядан өткізу кезінде мемлекеттік қызметшілеріміздің ішімдік ішкен күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары анықталды. Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Дүйсекенова азаматтарға дөрекі сөйлегені үшін ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды»,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Мира Бибітова.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі парақшалары қатаң бақылауға алынды

Мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік қызметкершілердің ойын-сауық және шетелдердегі демалыс орындарындағы фотосуреттері өшірілді. Олардың арасында ірі басқарма қызметкерлері де бар.

Мәселен, әлеуметтік желіден Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы, Кәсіпкерлек, Жер қойнауын пайдалану мен қорғалуын бақылау, Көліктік бақылау, Мемлекеттік сатып алулар, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, Тілдерді дамыту, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармалары мен Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы мен жануар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің суреттері алынып, олар тәртіптік жазаға тартылды.

«Тойға барасың, туысқаның суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салып жібереді. Кейде бұл Әдеп кодексінің талаптарына сай келмейді. Біз мониторинг жүргізген соң бұл үрдіс сап тыйылды. Бәрі мойындады, жазаланды.

Көбіне досымен құшақтасып түскен суреттер салынған. Селфи жасап, ернін шығарған, қолын шошайтып тұрған. Тіпті демалыста су жағасында купальникпен түскен суреттері бар.

Білместіктен суретін салды, қазір алып тастады»,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы Қ.Тоқышев.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік қызметшілерге қатысты 28 тәртіптік іс қаралды. Оның 10-ы Әдеп кодексінің талаптарын бұзған.

«Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануы әдетке айналғанын көрсетіп отыр. Мәселен, №11 шығыс спорт түрлері бойынша балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры қызметтен тыс уақытта дене шынықтыру және спорт басқармасына бекітілген көлікті жеке мақсатта пайдаланған. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы әкімінің аппарат басшысы мен облыстық кәсіпкерлік басқармасы да жеке жұмыстарына қызметтік көлікпен жүрген»,- деді Мира Бибітова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз