Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
3
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

“Делдалдар кінәлі”. Министрлік көмірдің бағасы неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Белгілі болғандай, жыл сайын жылу маусымы өту кезінде көмір өндіруші компанияларға көмір тиеуге арналған вагондардың уақытында ұсынылмауы мәселесі орын алады. Сонымен бірге, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің талдауына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылардан коммунальдық-тұрмыстық тұтынушыларға дейінгі көмір жөнелту кестесі көпдеңгейлік делдалдық құрылымдардың барлығын көрсетеді. Нәтижесінде түпкілікті тұтынушыдағы көмірдің бағасы екі-үш есеге өсіп кетеді.

«Бұл ретте көмірге баға белгілеу, сауданы реттеу және делдалдық құрылымдарды жою Энергетика министрлігінің құзыретіне кірмейтіндігін атап өтеміз. Өңірлерде көмірді сатып алу және халық үшін тарату жергілікті атқарушы органдар құзыретіне жатады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «ҚТЖ» АҚ тарапы жылу маусымы өтуі кезінде көмір тиеуге жылжымалы құраммен уақытында қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қабылдау, ал ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан тауар биржалары қызметін бақылау шараларын атқару қажет»,-деп пайымдайды энергетика министрлігі өкілдері.

Мәліметтерге сүйенсек, биылғы 9 айда ішкі нарыққа 55,8 млн тонна көмір жөнелтілді, оның ішінде 40,5 млн тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға жеткізілді (2016 жылдың 9 айында 34,5 млн тонна). Осы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 8 млн тонна жеткізілді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 млн тоннаға артық.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, 5-қазандағы жағдай бойынша өңірдегі көмір қоймаларында көмірдің жеткілікті көлемі бар. Осы орайда Шұбаркөл көмірі – 12,5 мың теңге, Майкөбе – 8,5 мың теңге деңгейінде байқалып отыр. Қарағандының көмір қоймалары толтырылған, бір тонна көмірдің бағасы 6 мың теңгеден бастап (Сарыадыр көмірі) 11 мың теңгеге дейін (Шұбаркөл көмірі).

Астананың екі көмір қоймасында Шұбаркөл көміріне жоғарғы баға 14 мың теңгені құрайды (Майкөбе көмірі – 8,5 мың теңге). Алматыда бір тонна көмірдің бағасы 15 мың теңгеден бастап (Қаражыра көмірі) 23 мың теңгеге дейін (Шұбаркөл көмірі).

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз