Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті декларация тапсырмағандардың ендігі жағдайы не болатынын айтты.
Бұл кезеңде басшылық қызметтегілер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайлары өткен жылға арналған 250.00 нысаналы декларацияны тапсыруы тиіс болған. 1 қаңтарда басталған тапсыру мерзімі 16 қыркүйекте аяқталды.
Декларацияны тапсырмаған тұлғаларға салық заңнамасында белгіленген салықтық есептілік мерзіміне дейін хабарландыру жолданды. Мұндай салық төлеушілер декларация тапсыруы немесе хабарландыруды алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.
«Декларация тапсырмаған салық төлеушілерге банктегі есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату түріндегі шара қолданылады», – деді Мемлекеттік кірістер комитеті.