Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

«Дегдар» қоры балалар мекемелеріне музыкалық аспаптар сыйлады

«Дегдар» гуманитарлық қоры «Күй анасы»республикалық қорының қолдауымен Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай, жетім балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына 160 домбыра сыйлайды.

Іс-шараға мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлқызы, «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, театр директоры Ғалым Ахмедьярұлы, мемлекетіміздің өнер ұжымдарының өкілдері қатысты.

Дариға Назарбаева салтанатты шара кезінде: «Бүгінгі кездесудің жөні бөлек. «Дегдар» гуманитарлық қоры балалар мектептері мен ансамбльдеріне музыкалық аспаптар сыйлайды. Соның арқасында балалар домбыра шертіп үйренеді. Бұл игі іс аты аңызға айналған күйші Дина Нұрпейісованың мерейтойымен дөп келіп отыр. Күй анасы өзінің дарынымен, батылдығымен, музыкаға және туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында тарихқа енді. Арманына жетуде Дина барлық қиындық пен кедергіні еңсеріп, қазақтың әйгілі күйші композиторы атанды. Күй өнерінің бағына туған оның шығармаларынан халықтың жаны, қазақтың кең-байтақ жері сезіледі», – деді.

Музыкалық аспапқа ие болған елордалық балалар Дина Нұрпейісованың туындыларын орындап, Instagram парақшаға #ДинаНурпеисоваФондДегдар хештегімен бейнежазба жариялады.

Басқа оқу орындарының балалары да атақты композитордың күйлерін шертіп, әлеуметтік желіде жариялады. Міне, осылайша Дина Нұрпейісованың музыкалық мұрасын сақтауға, халық шығармашылығы дәстүрін жалғастыруға бағытталған челлендж ұйымдастырылады.

160 ұлттық музыкалық аспап төмендегі нысандарға беріледі:

1. Е.Асқаров атындағы жас ақындар мектебі. (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.);

2. «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ (Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.);

3. К.Шакеев атындағы ақындар мектебі. (Ақмола облысы, Көкшетау қ.);

4. «Мәдени-сауық орталығы» КМҚК (Қостанай облысы, Қостанай қ.);

5. «SOS Балалар ауылы» (Нұр-Сұлтан қ.);

6. «Ер Едіге» жыр мектебі – (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.);

7. «Мақат» өнер мектебі жанындағы балалар оркестрі (Атырау облысы, Мақат ауданы);

8. «Айналайын» балалар үйі жанындағы домбырашылар ансамблі (Алматы облысы, Талдықорған қ.);

9. «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернат» КММ», «Нұр-Ата» фольклорлық-этнографиялық оқушылар оркестрі (Жамбыл облысы, Тараз қ.);

10. «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернаты» КММ (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.).

Нұрсұлтан Назарбаев Қорыңың баспасөз қызметі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз