Қырғызстан астанасында “Де-Факто” газетінің бас редакторы Амантур Мұсағұловты белгісіз екі адам ұрып кетті. Бұл туралы Сөз бостандығын қорғау комитетінің өкілі Әділ Тұрдықұлов хабарлады.
Оқиға 10 ақпанда сағат 21.30 шамасында болған. Газеттің бас редакторы медициналық жәрдем шақыртып, милицияға өтініш тастаған.