Барлық шектеулерді бір сәтте алып тастау COVID-19-дың қайтадан жаппай таралуына әкелуі мүмкін.
Сарапшының айтуынша, қазір пандемияның қашан аяқталатынын ешкім дөп басып айта алмайды.
«Коронавирус пандемиясы бір уақытта барлық мемлекетте аяқталмайтыны түсінікті. Әр ел немесе аймақ қандай шараларды бәсеңдетіп, шектеулердің қайсысын алып тастайтынын өз алдына жеке шешеді», – деп атап өтті Кристиан Линдмайер.
Бұған дейін COVID-19-ға қатысты Алматы облысындағы шектеулер күшейтілетіні белгілі болды.