Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Дастин Бойд өзі үшін қытайларды жапырған Дамир Рыспаевты ақтауға тырысты

Ол өзі үшін қарымта қайтаруға тырысқан жолдасы Дамир Рыспаевтың әрекетіне қатысты да өз көзқарасын білдірді.

– Менің досым – Дамир қайталау ойынында не істегенін білемін. Бірнешеуіне бір-ақ тап бергенін де естідім. Бірақ одан зардап шеккен ешкім жоқ қой. Кеше ғана естідім, Дамирді ойындардан шеттетіпті. Мен бұл жаңалықты естігенде көңілім түсіп кетті. Әрине, лиганың шешіміне қарсы келе алмаймын. Бірақ Рыспаевқа тағайындалған жаза өте қатаң деп айта аламын. Ешкім жарақат алған жоқ қой, барлығы сапта жүр. Тек мен және Рыспаевтан басқасы. Қазақстан хоккей лигасы бірдеме ойлап тауып, жазаны жеңілдететін шығар деп үміттенемін. Дамир кешірім сұрап, хат жазды деп естіп жатырмын…, – дейді ол өз сұхбатында.

Еске ала кетелік, 8-тамызда  ҚР Президенті кубогы үшін басталған жарыс күні Астананың „Барысы„ «Куньлунь Ред Стар» қытай командасын ұтып кетті. Техникалық ұтылыс жарияланып, таблодағы есеп: 5:0 болды.

Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков бастаған жаппай төбелестен соң Қытай тарапы ойыннан бас тартты. Кейіннен осы ойында қуып жүріп, қытай хоккейшілерін сабаған әрекеті үшін Дамир Рыспаев 20 ойыннан шеттетілетіні мәлім болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз