Бұған дейін Шымкент тұрғыны өзінің жыныс мүшесін кесіп тастағанын жазған едік. Ол жүйке ауруымен есепте тұратыны белгілі болды.
Бұл туралы Otyrar.kz жазды.
Науқас алдымен жансыздандыратын препарат салып, кейін арнайы құрылғының көмегімен жыныс мүшесін кесіп тастаған. Бірақ, кенет «операцияны» дұрыс аяқтамаса керек, соңында азаматтың жағдайы нашарлап, ақыр соңы ауруханадағы ота залынан бір-ақ шықты. Дәрігерлер оған хирургиялық ем жасап, аман сақтап қалды. Қазір науқас урология бөлімінде ем қабылдауда.
«Науқас келген кезінде ұма аймағы кесілген. Арнайы скалпельмен жыныс мүшесін кескен. Ол мұны интернет арқылы көріп жасапты. Оған алғашқы жәрдем көрсетілді. Өзі тұрып-жүріп жатыр. Енді ол кісіден ұрық шықпайды. Бала-шағасы тастап кеткен. Ешкіммен отбасын құра алмағандықтан, осы қадамға барыпты», — дейді дәрігер-уролог Арман Бейсенов.