Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Дәрігерлер бесінші ана өліміне қатысты түсініктеме берді

№2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Лидің айтуынша, дәрігерлер марқұмға инсулинотерапиядан өтуге кеңес берген. Әйел бұл емнен бас тартып, қан құрамындағы қант мөлшерін азайту үшін белгілі бір дәрілер ішкен деген болжам бар.

“Шартты түрде айтайын, оның бойы 160 сантиметр, ал салмағы 90 килограмм болған. Осы нәрсе дұрыс деп ойлайсыздар ма? Дәрігерлер оған өздігінен босануға рұқсат берген. Меніңше, дәрігерлер оның аман алып қалу үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасады”, — деп мәлімдеді Ли.

Сондай-ақ, штаттан тыс жұмыс істейтін акушер-гинеколог Иван Коркан бұл әйелдің өздігінен босану мүмкіндігі өте жоғары болғанын айтып өтті.

“Әрине, бәлкім бірден кесарево жасау керек болған шығар. Бірақ алдын ала тексеріс кезінде оған мұның қажеті жоқ екенін анықтадық”, — деді Коркан.
Дәрігерлер босанып жатқан әйелдің жүрегі тоқтап қалғанына қарамастан, оның сәбиін құтқарып үлгергендерін айтты.

Биыл маусым-шілде аралығында Астана қаласындағы екі перинаталдық орталықта төрт әйел қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы мәселеге тоқталып, соңғы алты ай ішінде аналар өлімінің көбейіп кеткенін айтқан-ды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз