Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Дариға Назарбаева сотты болған қарағандылық мұғалімге араша түсті

Еске сала кетелік, 3-қазанда Қарағандыда физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак теракт туралы құзырлы органға қоңырау шалып, жалған хабарлама бергені үшін 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жұмыста болған кезде 14-сәуірде ұялы телефонынан „102„ жедел желісіне Орталық сауда дүкеніне (ЦУМ-ға) бомба қойылғандығы туралы хабарлаған. Бірақ бұл факт нақтыланбады.

Мұғалім өз кінәсін мойындамады. Ол қоңырау шалынған кезде мектепте болғанын, әріптестеріне парта тасуға көмектесіп жүргенін айтқан. Ал ұялы телефоны бұл кезде кабинетте сөмкеде қалған. Бұл оқиға қоғамның қызу талқысына түсіп, Юрий Пакты жақтаушы адамдар әлеуметтік желіде қол жинай бастады.

Дегенмен сенатор Дариға Назарбаева Парламент депутаттары сот жүйесінің ісіне араласуға құқы жоқ екенін баса айтты.

„Интернетке, әлеуметтік желідегі, баспасөздегі ақпараттарға қарасаңыз, бұл арада қарама-қайшы тұстар көп. Сондықтан мен ҚР Бас прокуратурасына хат жолдауды жөн көрдім. Олардан бұл істің материалдарын тағы бір тыңғылықты түрде қарап шығуды өтіндім. Енді соған сәйкес, әрине жауап күтеміз. Біз бұл арада кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін айта алмаймыз, өйткені бұл іске қатысты жайттарды терең ешкім білмейді. Сондықтан осындай хат жолданды. Бүгінгі депутаттың қолынан келетіні осы ғана„ – деді Дариға Назарбаева Парламент дәлізінде тілшілер қойған сұраққа берген жауабында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз