Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Қазақстан Президентінің үлкен қызы. 2012 жылдың қаңтар айында депутат қызметіне келді.
2014 жылдың сәуір айынан бастап Мәжілістің вице-спикері қызметін атқарды. Ал қыркүйек айынан бастап ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметінде болды.