Өзбекстанның үш тұрғыны даладағы дәретхана шұңқырына түсемін деп уланып өлді.
Оқиға 26 наурыз күні болған екен.
Наманған облысының Пап ауданында 32 жастағы жігіт iPhone телефонын үй ауласындағы дәретхананың шұңқырына түсіріп алған.
Сосын әкесі мен бір көршісін көмекке шақырған екен. Алдымен шұңқырға өзі түскен жігіт улы газдан есінен танып қалған болса керек. Оның артынан түскен әкесі мен көршісі де қатты уланып, шұңқыр ішінде сұлқ түсіпті.
Екі адам сол жерде жан тәсілім етіпті. Құтқарушылар әлі тірі көрінген әкесін ауруханаға жеткізсе де, ол да есін жимастан ауруханада көз жұмды.
https://kaz.365info.kz/makhtanyp-khojdy-sejfullin-zholbarys-yji-men-mashinesin-korsetti-292597
tengrinews.kz