Әжетханаға шығып кетіп, сол күйде жоғалып кеткен 18 жастағы Алина Құрманалиева Қызылордадан табылды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Атырау облысының полициясы қыздың қайда екенін ұялы телефон арқылы анықтаған. Алты күннен кейін тәртіп сақшылары қызды Қызылордадан тапқан.
“Сіңліміз жоғалып кеткенде бізбен бірге алаңдаушылық білдіргендердің барлығына алғысымды айтқым келеді. Жақсы жаңалығым бар – оны Құрманғазы ауданының полицейлері аман-есен тапты. Осындай жақсы жаңалық, қолдау білдіргендер мен жылы сөз айтқандардың барлығына рақмет”, – деп жазыпты әлеуметтік желі арқылы Алинаның әпкесі Мира Құрманалиева.
https://kaz.365info.kz/symdykh-aj-shymkentte-zhogary-okhu-ornynda-kyjeui-ajelin-pyshakhtap-oltirgen-314790
Туыстарының сөзінше, ол жігітімен Қызылордаға кетіп қалған, ал ата-анасы іздеу салғаннан кейін оларға хабарласып, амандығын айтқан. Еске салайық, қыз бала 2018 жылдың 5 мамырында жоғалып кеткен. Жекеменшік үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан ол сол күйде оралмаған.
Бірнеше сағаттан кейін ауылдағы аялдамада қыздың жеке куәлігі табылған. Осыдан кейін қыздың ата-анасы Құрманғазы ауданының ІІБ-не арыз жазған еді.