Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Даниярдың жарылған қабағын екі рет тіктіруге тура келді – Марат Елеусінов

177

Сондай-ақ, финалдағы қарсыласы мен жекпе-жек туралы да өз ойымен бөлісті.

– Өздеріңіз білесіздер! Данияр жартылай финалда үлкен жарақат алды. Қабағы тура көзінің жанынан терең жыртылып кетті.

Жыртылған жерін бір емес, екі рет тіктірдік. Финалда өте қиын болады-ау, деп қорыққанымызда жасырын емес.

Себебі, қарсыласы оның жараланған жерін көздеп соққы жасайтыны анық еді.

Сосын, біз Даниярға қарсыласын жақсылап зерттеп, өзгеше айла-тәсіл жасауды тапсырдық. Тек аяқпен жұмыс істеп, қарсыласыңа шегіне жүріп соққы жаса, бірден өзің алға ұмтылма деген болатынбыз.

Ол тапсырманы ойдағыдай орындады. Өзіне көп соққы дарытпады. Соның нәтижесінде жеңіске жетті, – деді Даниярдың әкесі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз