Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Данияр Елеусіновтің сынып жетекшісі оның қандай оқушы болғанын айтып берді

Барлық сабақты жақсы оқыды, әсіресе қазақ тілі мен әдебиетіне, тарихқа жетік болды, осы пәндерге айрықша көңіл бөлетін.

Данияр жарыстарға кеткен кезде де ұстаздарынан тапсырмалар алып, оларды тыңғылықты орындап отыратын.

Өркөкіректігі, артық ауыз сөзі жоқ, өте қарапайым, салмақты бала. Мектепте оқып жүргенде ешқандай проблема да туындатпады, достарымен де жақсы араласты.

Шетелге жарыстарға барып келгенде үнемі достарының барлығына бірдей кәдесыйлар алып келетін,- деді Даниярдың сынып жетекшісі болған Рая Келесқызы.

Рая Келесқызы Даниярдың сынып жетекшісі болғаннан кейін жекпе-жектерінде үнемі жанкүйер болып отыратындығын да баса айтты.

«Бірақ, осы жолы алтын медаль үшін өткен кездесуін зор күйзеліспен көрдім, тіпті шыдай алмай сыртқа да шығып кеттім. Өйткені, қарсыласы Даниярдың жарақатына соққы жасауға ұмытыла берді ғой», – дейді Олимпиада чемпионының сынып жетекшісі.

Сөз соңында Рая Келесқызы 1 қыркүйек күні Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті өзі білім алған мектепке шақырып, ұстаздармен, оқушылармен кездесу өткізу жоспарланып жатқандығын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз