Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (1-0, 1 KO) кәсіби алаңда екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан агенттігі.
Атап айтарлығы, барлық раундты өткізген қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы Лондондағы (Ұлыбритания) York Hall ойын-сауық кешенінде Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) — Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) жекпе-жегі андекардында жекпе-жек өткізді. Алты раундтық кездесуде оның қарсыласы венгриялық боксшы Золтан Шабо (24-11, 10 КО) болды. Барлық раундқа созылған кездесуде
Данияр төрешілердің шешімі бойынша 65:64 есебімен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусинов 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өзінің кәсіби дебютін жасаған болатын — үшінші раундта ол америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
https://kaz.365info.kz/anat-islamny-zholyn-bersin-daniyar-eleusinov-k-sip-oj-boks-a-auysty-245186
https://www.youtube.com/watch?v=hbGJ8wZVcno